Рудный қаласында Рухани келісім күніне орай диалог алаңы өтті

    1 / 4

    2026 жылғы 14 қазанда Рудный қаласында Рухани келісім күні қарсаңында «Саналуандықтағы бірлік: Қазақстан Республикасы Конституциясы аясындағы конфессияаралық диалог» тақырыбында диалог алаңы өтті.
    Қазақстанда Рухани келісім күні жыл сайын 18 қазанда атап өтіледі. Оны өткізу дәстүрі 1992 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің алғашқы сессиясынан бастау алады. Қатысушылар 18 қазанды Рухани келісім күні – татуласу, өзара түсіністік, мейірімділік және жақынға көмек көрсету күні деп жариялаған манифест қабылдады. Бұл мереке түрлі ұлттардың, мәдениеттер мен діни сенімдердің өкілдері арасындағы бейбітшілікке, өзара құрмет пен келісімге ұмтылысты білдіреді.
    Диалог алаңына Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қостанай облысы әзербайжандарының «Бірлік» этномәдени бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы Р. С. Гаджибалаев және республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қостанай қаласындағы ІІМ академиясының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі М. С. Туйганов қатысты.
    Іс-шараға сондай-ақ түрлі діни бірлестіктердің, Ақсақалдар кеңесінің, Аналар кеңесінің, ардагерлер және үкіметтік емес ұйымдардың, спорт қауымдастығының, мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
    Кездесу барысында Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі аясында ар-ождан және діни сенім бостандығының конституциялық қағидаттарын іске асыру, Қазақстан Республикасының ішкі саясатының басымдықтары, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы діни бірлестіктер мен қоғамдық институттардың рөлі, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің және радикалды көріністердің алдын алу мәселелері талқыланды.
    Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда ашық конфессияаралық диалогтың, өзара құрметтің және түрлі қоғамдық топтар өкілдерінің сындарлы өзара іс-қимылының маңызына ерекше назар аударылды.
    Іс-шараны Рудный қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Инновациялық білім беру» «Интеллектуалдық орталық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Рудный қаласының әкімдігі" жаңалықтары