Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,2%-ды құрады

    Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында осы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндады. Оның деректері бойынша өсім шикізатқа қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, бағалау бойынша 5,4%-ға өсті.

    «Қазақстан экономикасы өсуін жалғастыруда және оң динамиканы көрсетуде. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,2%-ды құрады. Экономиканың өсуі шикізатқа қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, ол бағалау бойынша 5,4%-ға өсті. Салалар арасында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері және сауда ең жоғары қарқын көрсетуде. Осы салалардың жалпы ішкі өнімнің өсуіне қосқан жиынтық үлесі 75%-дан асады», — деп атап өтті вице- премьер.

    Серік Жұманғарин экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандырудың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім құрылымындағы мұнай өндіру үлесі 7,8%-ға дейін қысқарғанын атап өтті. Осы жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің үлесі 14,1%-ға дейін ұлғайды, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 12,4%-ды құрады.

    https://www.gov.kz/org/economy/press/news/details/1310074?lang=kk

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" жаңалықтары