БИІК БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРҒАН ЖАС СПОРТШЫЛАР

    1 / 2

    Аудан әкімі А.Жақсылықов Ақтөбе қаласында өткен Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы спартакиадасында жоғары нәтиже көрсеткен жас спортшыларды қабылдады.

    2026 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өткен додаға еліміздің 17 облысынан жас спортшылар қатысып, спорттың әр түрінен бақ сынады.

    Жарыс қорытындысы бойынша Темір балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жақсы нәтижелер көрсетті. Еркін күрестен Қайырқожа Исмаил қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Ал үстел теннисінен Берік Ерасыл жүлделі ІІ орынға ие болды.

    Кездесу барысында аудан әкімі жас спортшыларды қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік пен толағай табыстар тіледі.

    Бұл жетістіктер - тынымсыз еңбек пен табандылықтың жемісі, жүйелі дайындық пен спортқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.

    Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Темір ауданы әкімдігі" жаңалықтары