1 / 12
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен аудан спортшыларын қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
Халықаралық жарыстарда Шерзод Давлетов пен Балнұра Жұмабаева дзюдодан әлем чемпионаттарының күміс жүлдегерлері атанды.
Ал Ақтөбе қаласында өткен ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында аудан спортшылары дзюдо, қазақ күресі және үстел теннисінен алтын медальдарға ие болды.
Сонымен қатар, көкпардан Түркістан облысының жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен Бекасыл Өмерқұл, Айдархан Бөрібаев және Нұртілек Аралбай екі дүркін чемпион атанды.
Аудан басшысы спортшылардың жетістіктерін атап өтіп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. Сондай-ақ жеңістердің артында жаттықтырушылардың кәсіби еңбегі мен спортшылардың табандылығы жатқанын жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі







