Қабылдау барысында Қаражар және Қараөткел ауылдарының тұрғындары электрмен жабдықтау, көшелерді жарықтандыруды орнату және қалпына келтіру, сондай-ақ тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне қатысты өзге де мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелермен танысты және қолданыстағы заңнама аясында қажетті түсініктемелер берді.
Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты басшылар мен мамандарға әрбір өтінішті жан-жақты қарастыру, оларды шешу жолдарын айқындау және белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.
Азаматтарды жеке қабылдау — аудан басшылығының тұрғындармен тікелей байланыс орнатуының маңызды тетіктерінің бірі. Бұл тұрғындарды толғандыратын мәселелерге жедел назар аударып, оларды шешу бағытында тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Еске саламыз, Целиноград ауданы әкімінің жеке қабылдауына алдын ала телефоны арқылы жазылуға болады: 8 (71651) 30-509









