Құтқарушылар студенттер жатақханасындағы өртті сөндірді

    Өскемен қаласындағы 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеден өрт шықты.

    Жатақхана әкімшілігі тұрғындарды жедел эвакуациялауды ұйымдастырды.

    Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 16 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді.

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

    ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз, электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Өрт анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары