Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы

    Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының отырысыАбай облысының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы

    2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:00-де Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

    Отырыстың күн тәртібінде «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» мәселе қаралды.

    Отырыс қорытындысы бойынша Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы сайлауды әзірлеу мен өткізу шеңберіндегі негізгі іс-шаралар мен оларды өткізу мерзімдерін айқындайтын Күнтізбелік жоспарды бекітті.

    Қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары