Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Ұлттық ғылыми онкология орталығына (ҰҒОО) Брюссель университеттік ауруханасының (H.U.B.) және IBA Group компаниясының өкілдері келді.
Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі – ҰҒОО мен Брюссель университеттік ауруханасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы.
H.U.B. бас медициналық директоры, профессор Жан-Мишель Угарди бастаған делегациямен кездесуде ҰҒОО атынан Басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Санжар Шалекенов және Орталық мамандары қатысты.
Кездесу барысында ҰҒОО өкілдері Орталықтың даму бағыттары мен негізгі жетістіктерін, ғылыми және білім беру қызметін таныстырды. Сондай-ақ заманауи онкологиялық көмектің мүмкіндіктері, соның ішінде протондық терапия, ядролық медицина және радиофармацевтикалық препараттарды өз өндірісінде шығару тәжірибесі туралы баяндады.
Өз кезегінде профессор Жан-Мишель Угарди H.U.B. құрамына кіретін үш медициналық мекеменің қызметін таныстырды. Олар – Эразм ауруханасы, Жюль Борде онкология институты және Королева Фабиоланың балалар университеттік ауруханасы.
Кездесуде онкологиялық ауруларды емдеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және инновациялық емдеу әдістерін енгізуге 75 жылдан астам уақыттан бері маманданған Жюль Борде институтының тәжірибесіне ерекше назар аударылды.
Тараптар клиникалық тәжірибе, ғылыми зерттеулер, медициналық білім беру және мамандар арасында тәжірибе алмасу бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сол күні ҰҒОО-ға бельгиялық IBA Group компаниясының бас директоры Оливер Легрен бастаған делегация да келді. Делегация құрамында Орталық және Шығыс Еуропа бойынша сату директоры Эндрю Дайк, сондай-ақ Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлеріндегі бизнесті дамыту және өнімдерді басқару жөніндегі директоры Айдана Шағалақова болды.
Оливер Легрен ҰҒОО-ның жаңа кешенімен алғаш рет танысып, оның заманауи инфрақұрылымы мен жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге арналған мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.
Кездесу барысында тараптар жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және сервистік қолдау мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ҰҒОО-ның Радиациялық технологиялар орталығында орнатылған IBA компаниясының циклотронына қызмет көрсету мәселесіне назар аударылды.
Сонымен қатар Қазақстанда ядролық медицинаны дамыту, радиофармацевтикалық препараттар өндірісінің мүмкіндіктерін кеңейту және ҰҒОО мен IBA Group арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары қарастырылды.
ҰҒОО бельгиялық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтеді
1 / 2
Ұқсас материалдар

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Әдеп жөніндегі уәкіліАшу
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Әдеп жөніндегі уәкіліАшу
Ақпараттық-түсіндіру мал ұрлығының алдын алу бойынша жұмыс
Әдеп жөніндегі уәкіліАшуЕрбол Мырзабосынов Мемлекет басшысының атынан World Tennis президенті Дэвид Хаггертиге «Достық» орденін табыстады
ҚР ТСМАшу
Еңбек министрлігінде JOLTAP жобасын өңірлерде іске асыру мүмкіндігі талқыланды
ҚР ЕХӘҚМАшу
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" жаңалықтары

ҚАЗАҚСТАН МЕН БЕЛЬГИЯ ОНКОЛОГИЯ, КАДРЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУГЕ НИЕТТІ
ҚР ДСМАшу
ҚАЗАҚСТАНДА БҮЙРЕК АУРУЛАРЫН ЕМДЕУ СТАНДАРТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
ҚР ДСМАшу
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ТІС ЖЕГІСІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДЕ
ҚР ДСМАшу
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
ҚР ДСМАшу
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ҚОС ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
ҚР ДСМАшу