1 / 3
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Қызылорда қаласында «Интернетте жастар арасында деструктивті контенттің таралуына қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Қызылорда қаласының жастары мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің белсенді жастары қатысты.
Кездесу барысында цифрлық кеңістіктегі өзекті қауіп-қатерлер, деструктивті контенттің жастардың дүниетанымына әсері, сондай-ақ мұндай ақпаратты анықтау және оның таралуына қарсы іс-қимыл тәсілдері талқыланды.
Цифрлық қауіпсіздік, сыни ойлау, интернеттегі жауапты мінез-құлық және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу бойынша ұсыныстарын білдірді.
Мұндай кездесулер жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамытуға және ақпаратты жауапкершілікпен қабылдау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.









