Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету

    2024 жылғы қараша айынан бастап «КEDEN» цифрлық жүйесінде «КБжС бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді тіркеу» модулі жұмыс істейді. Аталған модуль кедендік рәсімдерді жүзеге асыру кезінде және көзделген өзге де жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғалардың тізілімдік қызметі шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді ( бұдан әрі - қамтамасыз ету) тіркеуге өтініш беруді көздейді.

    Бірыңғай ақпараттық кеңістік шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетудің толық циклі - өтініш беруден және қажетті тексерулерді жүргізуден бастап қамтамасыз етуді тіркеуге және оны кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде одан әрі пайдалануға дейін қамтамасыз етіледі.

    Ұсынылатын мәліметтерді тексеруді автоматтандыру мақсатында «КEDEN» ЦЖ ақпараттық жүйелермен интеграциялар іске асырылды. Атап айтқанда, сақтандыру шарттары мен банктік кепілдіктер туралы мәліметтерді алу, сондай-ақ кепіл шарттары бойынша ауыртпалықтың бар-жоғын тексеру қамтамасыз етіледі. Бұл ақпараттық жүйеде СЭҚҚ қосымша сұрау салмай және тиісті құжаттарды ұсынуды талап етпей қажетті тексерулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

    Жүйеде өтініш пен қамтамасыз етудің мәртебелерін оны қабылдау, тіркеу кезеңдерінде, сондай-ақ тиісті кедендік рәсімдер мен жағдайлар шеңберінде қамтамасыз етуді пайдалану кезінде көрсету көзделген.

    Қамтамасыз ету мөлшерін есептеу нысанын (ҚМЕН) пайдалануды көздейтін жағдайларда сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға (СЭҚҚ) тауарларға арналған декларацияны (ТД) бергенге дейін одан әрі ТД-мен байланыстыруімен қамтамасыз етуді тіркеуге өтініш беру және таңдалған әрекет ету тәртібіне қарай - ҚМЕН қалыптастырылғаннан кейін өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады. Бұл ретте жүйеде қамтамасыз ету сомасының жеткіліктілігін автоматты түрде тексеру іске асырылған. Қамтамасыз ету тіркелгеннен кейін ТД бақылауды аяқтау карточкасында көрсетіледі.

    Бұдан басқа, жүйе декларанттың БСН/ЖСН-інің, қамтамасыз етуді қолдану негізінің және оның мәртебесінің қамтамасыз етуді пайдалануға қажетті талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді.

    Аталған тетіктерді іске асыру қолмен орындалатын операциялардың санын одан әрі қысқартуға, қамтамасыз етуді ұсыну процесін жеделдетуге және оны «КEDEN» ЦЖ тікелей электрондық форматта ресімдеуді және пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары