Астана қаласында ҚР Ұлттық музейінде «Отырар-Түркістан: ортағасырлық ирригация және егіншілік мәдениеті» атты республикалық бірлескен көрмесінің ашылуы өтті. Көрме ғалымдар, мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері мен жастардың басын қосты.
Көрмені «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараны ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Ақмарал Ибраева ашып, көрменің маңызы жөнінде пікір білдірді.
Іс-шараға «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Айбек Жандосов пен музей ардагері Рахия Жүзбаева қатысты. Олар Отырар-Түркістан өңіріндегі егіншілік пен суармалы шаруашылықтың тарихи маңызына тоқталды.
Көрмеде археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған су арналары, арықтар мен каналдар, егіншілік құралдары, астық өңдеу бұйымдары және өзге де құнды жәдігерлер ұсынылды. Көрмеге келушілер экспозиция арқылы ортағасырлық тұрғындардың шаруашылық мәдениеті, су пайдалану тәжірибесі және өңірдің мәдени-экономикалық даму ерекшеліктерімен танысты.
Көрме 9 қарашаға дейін ҚР Ұлттық музейінде жалғасады. Баршаңызды тарихи мұрамен танысуға шақырамыз!
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
В НАЦИОНАЛЬНОМ МУЗЕЕ В АСТАНЕ ОТКРЫЛАСЬ ВЫСТАВКА
В Национальном музее РК в городе Астане состоялось открытие республиканской совместной выставки под названием «Отырар-Туркестан: средневековая ирригация и культура земледелия». Выставка объединила ученых, представителей сферы культуры, интеллигенцию, представителей СМИ и молодежь.
Выставка была организована совместно Государственным археологическим музеем-заповедником «Отырар», Национальным историко-культурным музеем-заповедником «Азрет Султан» и Национальным музеем Республики Казахстан. Мероприятие открыла заместитель директора Национального музея РК Акмарал Ибраева, которая отметила значимость выставки.
В мероприятии приняли участие заместитель директора Национального историко-культурного музея-заповедника «Азрет Султан» Мурат Тастанбеков, директор Государственного археологического музея-заповедника «Отырар» Айбек Жандосов и ветеран музея Рахия Жузбаева. Они остановились на историческом значении земледелия и орошаемого хозяйства в южном регионе.
На выставке представлены каналы, арыки и канавы, орудия земледелия, изделия для обработки зерна и другие ценные экспонаты, найденные в результате археологических исследований. Посетители выставки могут познакомиться с хозяйственной культурой средневековых жителей, опытом водопользования и особенностями культурно-экономического развития региона.
Выставка продлится в Национальном музее РК до 9 ноября. Приглашаем всех познакомиться с историческим наследием!
Пресс-служба акима Туркестанской области








