1 / 2
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Рахат ауылдық округінде 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары, пештерді дұрыс пайдалану, түтін мұржаларын уақытылы тазалау, электр жылыту құрылғыларын қауіпсіз қолдану және өрт шыққан жағдайда атқарылатын іс-әрекеттер туралы ақпарат қамтылған брошюралар таратылды. 📄
⚠️ Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті! Қарапайым сақтық шаралары адам өмірі мен мүлкін өрттен қорғауға көмектеседі.
Өз қауіпсіздігіңізге бейжай қарамаңыз!








