Қаратал ауданының әкімі Ескелді ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

    1 / 6

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткізілетін халықпен кездесулер аясында Қаратал ауданының әкімі У. Досымбеков Ескелді ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді.
    Кездесу Ескелді ауылының мәдениет үйінде өтті. Аудан басшысы тұрғындарды Қаратал ауданының 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, жыл соңына дейінгі жоспарлар мен басым міндеттерге тоқталды.
    Ашық диалог форматында өткен кездесуде ауылдық округтің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және елді мекендерді абаттандыруға қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, Р. Қошқарбаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу, ауылдық округ көшелерін жарықтандыру, мәдениет үйін кондиционермен қамтамасыз ету және терек тоғайында демалыс аймағын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
    Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу және оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
    Кездесу қорытындысы жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын көрсетті. Мұндай кездесулер ауылдық аумақтарды дамыту басымдықтарын айқындауда тұрғындардың пікірін ескеруге, өзекті мәселелерге уақытылы назар аударуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Кездесу алдында аудан әкімі округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қаратал ауданының әкімдігі" жаңалықтары