Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі қандай?

    Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі қандай?

    Мемлекеттік әлеуметтік асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады. Бұл — асыраушының қайтыс болған күні немесе азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану не қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күн.

    🔹 Өткен кезең үшін төлем: жәрдемақы тағайындауға өтініш берілген күнге дейінгі 12 айдан аспайтын кезең үшін төленеді.

    🔹 Өтінішті қарау мерзімі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттардың толық топтамасы тіркелген күннен бастап немесе проактивті қызмет арқылы келісім берілген күннен бастап 7 жұмыс күнінен аспайды.

    🔹 Өтініш беру тәсілдері:

    * «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
    * egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;
    * проактивті қызмет арқылы (кейбір жағдайларда өтініш беру талап етілмейді).

    🔹 Жәрдемақы төлеу мерзімі: алушы еңбекке қабілетсіз деп есептелетін бүкіл кезеңге тағайындалады.

    📌 Жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін кез келген уақытта өтініш беруге болады.

    Өз құқықтарыңызды біліңіз! Әлеуметтік төлемдер туралы маңызды ақпаратты жіберіп алмаңыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары