1 / 4
13 қазан күні Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінде 9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтуде. Конкурсты «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ұйымдастыруда.
Конкурсқа қаланың 42 мектебінен 315 жас зерттеуші қатысып, 283 ғылыми жоба ұсынды. Оның ішінде 32-сі – командалық жұмыс.
Қатысушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын екі бағыт бойынша қорғауда: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.
Конкурс дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың зерттеушілік қабілеттері мен ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.
Конкурс нәтижелері кейінірек жарияланады.









