Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығының қызмет алушыларымен кездесу

    2026 жылғы 13 қазанда Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушыларымен кездесу өткізді.

    Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы – ерекше қажеттіліктері бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме. Орталықта 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп, қазіргі таңда 92 бала қамтылған.

    🔹Кездесуге Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Л.Газизова қатысты

    🔹Кездесу барысында әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы, сондай-ақ орталық қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

    🔹Сонымен қатар, қызмет алушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударылды.

    🔹Басты мақсат – ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың сапасын арттыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары