12 қазан күні Қарақия ауданында кезекті аппараттық жиын өтіп, ауданның тыныс-тіршілігіне маңызды негізгі мәселе жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында 2026-2027 жылдарға арналған күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысы пысықталып, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер сарапталды.
Осы мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шапағат Сырым Арманұлы баяндама жасап, инженерлік желілер мен әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға әзірлік деңгейі туралы есеп берді.
Жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, туындауы мүмкін мәселелерді жедел шешу және инфрақұрылым нысандарын толық дайындықта ұстау басты назарда болатыны атап өтілді.
Жиын соңында жауапты басшыларға көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстың сапасы мен мерзімі қатаң бақылауда болатыны ескертілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі









