ОҚЫТУДАН БАСТАП ХАБАРДАР ЕТУГЕ ДЕЙІН

    1 / 6

    Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында азаматтық қорғаныс мәселелеріне арналған брифинг өтті.

    Брифинг барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Н. Каракозев халықты қорғау, тұрғындарды оқыту және қаланың төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

    Жыл басынан бері Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық орталықта 24 адам, ал Департамент базасында 1 200 тыңдаушы оқытудан өтті. Сонымен қатар, қала аумағында төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларын жетілдіру мақсатында 3 500-ге жуық оқу-жаттығу өткізілді. Халықты ақпараттандыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің 8 500-ге жуық кіреберісіне ақпараттық тақтайшалар орналастырылды.

    Қазіргі таңда қалада азаматтық қорғаныстың 167 қабылдау пункті жұмыс істейді. Төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін 22 қызмет құрылған. Халықты уақтылы хабардар ету мақсатында 236 сиреналық-сөйлеу құрылғысы мен «Mass Alert» жүйесі пайдаланылады. Бұдан бөлек, азаматтық қорғаныс қоймасында 25 мыңға жуық жеке қорғану құралы мен 800-ге жуық шатыр бар. Бұл материалдық қор төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға және зардап шеккен азаматтарды қажетті құралдармен қамтамасыз етуге арналған.

    Брифинг соңында майор Н. Каракозев Департамент тарапынан азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру, тұрғындарды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға үйрету және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары