Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Тұрғындар, қоғам белсенділері және еріктілер айналаны тазарту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жұмылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экологиялық шараларға 377 299 ерікті, қоғам белсендісі, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкері қатысқан.
Жүйелі жұмыс нәтижесінде 10 мың тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 019 әлеуметтік нысан, өнеркәсіптік және бизнес нысандары, су айдындары мен көшелер тазартылды. Оған 548 арнайы техника пайдаланылды.
Бұдан бөлек, облыстың табиғи-климаттық жағдайына бейімделген 91 817 түп көшет отырғызылды.
Экологиялық бағдарлама аясындағы ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.
Еске салсақ, елімізде жыл басынан бері 7 млн-нан астам азамат «Таза Қазақстан» бағдарламасында өз белсенділігін танытқан. Ал «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру басталғалы елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 млрд-тан астам тұқым пен көшет отырғызылды.
«Таза Қазақстан»: Жалпыхалықтық сенбілік өтті
1 / 13
Ұқсас материалдар

Қарғалы аудандық мәслихатының аппаратында мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның нормалары талқыланды
Қарғалы ауданының мәслихатыАшу
Педагог мәртебесі: жаңа талаптар мен даму бағыттары
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшу
Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығының қызмет алушыларымен кездесу
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіАшу
Жетісуда жыл соңына дейін облыстық маңызы бар жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 96%-ға жетеді
Жетісу облысы Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕС БҰРЫН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіАшу
"Қазалы ауданы Қазалы қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары

Аймақта жылу беру маусымы басталды
Қазалы қаласы әкімінің аппаратыАшу
Аймақ басшысы Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімдердің жұмысымен танысты
Қазалы қаласы әкімінің аппаратыАшу
Арал аймағының экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстар таныстырылды
Қазалы қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Қазалы ауданындағы тұқымбақ жұмысымен танысты
Қазалы қаласы әкімінің аппаратыАшу
Жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Қазалы қаласы әкімінің аппаратыАшу