Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді растайтын, Сәйкестік туралы декларацияның 13-тармағына қол қою мақсатында, СҚО, Петропавл қ., 314-Стрелковой дивизии көшесі, 158, мекенжайында орналасқан, «Мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығында жүк-жолаушылар лифтінің қосымша шахтасын салу» объектісінің мердігері «Нұр Тұрсын» ЖШС-мен, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментіне өтініш берілді.
Бүгін, 2026 жылдың 7 қазанында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары халықтың мобильділігі төмен топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша зерттеу жүргізу үшін жоғарыда аталған объектіге баруды жүзеге асырды. Зерттеу нәтижелері бойынша объектіге тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар мен кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар үшін, сондай-ақ көру функциялары бұзылған адамдар үшін қолжетімділік бар екені анықталды, яғни объектіде халықтың мобильділігі төмен топтары үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген.









