"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
БАСҚА ӨҢІРГЕ КӨШКЕН КЕЗДЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ҚАЙТА РӘСІМДЕУ ҚАЖЕТ ПЕ?
Басқа өңірге қоныс аударған жағдайда зейнетақы төлемдерін қайта тағайындауға өтініш беру талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №232 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, алушының электрондық ісі өңірлер арасында сұратылып, жаңа тұрғылықты жері бойынша тиісті бөлімшеге жіберіледі.
Осылайша, зейнетақы төлемдерін алу жаңа тұрғылықты жері бойынша жалғасады.
📌 Есте сақтаңыз: басқа өңірге көшкен кезде зейнетақы төлемдерін қайта рәсімдеу қажет емес.









