Алматыда алғаш рет: өкпе обыры кезіндегі робот-ассистенттік хирургия бойынша халықаралық мастер-класс

    2026 жылғы 14–15 қазанда Алматы онкология орталығында «Өкпе обыры кезіндегі робот-ассистенттік хирургия: заманауи технологиялар және хирургиялық тәсілдер» атты халықаралық мастер-класс өтеді.
    Алматыда алғаш рет өкпе обыры бойынша операциялар роботтандырылған хирургиялық жүйенің көмегімен жасалады.
    👨‍⚕️ Мастер-класс сарапшысы — профессор Сюй Шидун (ҚХР). Ол Харбин медицина университетінің Онкологиялық ауруханасындағы кеуде қуысы хирургиясы бөлімінің меңгерушісі. Кеуде қуысы ағзаларының ісіктері хирургиясында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. АҚШ, Сингапур және Қытайдың жетекші клиникаларында тағылымдамадан өткен.
    🔬 Мастер-класс бағдарламасы:
    ▪️ орталық хирургтарымен бірлесіп өкпе обыры кезінде робот-ассистенттік операциялар;
    ▪️ жүйелі лимфодиссекциямен өкпенің анатомиялық резекциялары;
    ▪️ пациенттерді іріктеу және роботтық хирургияға көрсеткіштер;
    ▪️ техникалық ерекшеліктер, асқынулардың алдын алу және талдау;
    ▪️ клиникалық жағдайларды талқылау және тәжірибе алмасу.
    🤖 Пациенттер үшін маңызы
    Робот-ассистенттік хирургия — аз инвазивті әдіс: операция шағын тесіктер арқылы жүргізіледі. Хирург операция аймағын бірнеше есе үлкейтілген көлемді 3D-бейнеде көреді. Робот құралдары қолдың қимылын қайталайды, кез келген бұрышқа иіледі және дірілді толық жояды.
    Бұл күрделі операцияларды жоғары дәлдікпен жасауға мүмкіндік береді. Пациенттер аз қан жоғалтады, операциядан кейін ауырсынуы азаяды, тезірек сауығып, ертерек үйге шығады.
    Роботтық торакалды хирургияны енгізу — Алматы тұрғындарына онкологиялық көмекті дамытудағы маңызды қадам.

    📍 Алматы онкология орталығы, Алматы қ., Папанин к-сі, 220

    📅 2026 жылғы 14–15 қазан

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары