Прибрежное ауылында Қарттар айлығы аясында ауылдық округінің әкімі Дәурен Сәкенұлы Рамазанов мен Ардагерлер кеңесінің төрайымы ЗейнепҚабдоллақызы Тәнібаева 80 жасқа толған мерейтой иелерін — Гуцевич Валентина Николаевнаны, Асанова Разиля Сентқожиевнаны және Смаилов Қайыржан Хамзиновичті арнайы барыпсыйлық беріпқұттықтады.
Сонымен қатар, ерлі-зайыпты Сергей Владимирович пен Людмила Кузьминична Катковтарға дасыйлық беріп жәнеізгі тілектерін білдірді.
Кездесу барысында мерейтой иелеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке, шаңырақтарына шаттық және әрдайым көтеріңкі көңіл күй тіледі. Қарияларға құрмет көрсету — ұрпақ парызы әрі адамгершіліктің белгісі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





