1 / 10
Бүгін пошта күніне орай аудан әкімі Айбек Купенов «Қазпошта» қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
🔹Кездесу барысында аудан әкімі пошта саласының халыққа қызмет көрсетудегі маңызын атап өтіп, сала қызметкерлерінің жауапты еңбегіне алғыс білдірді.
🔹Мерекеге орай бірқатар пошта қызметкерлері мен сала ардагерлеріне адал еңбегі мен сала дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
🔹Пошта саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!









