«Жапырақтары жанымның»: Астанада Камал Әлпейісованың 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

    1 / 5

    Астанадағы Музыкалық жас көрермен театрында ақын, аудармашы Камал Әлпейісованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жапырақтары жанымның» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Кеш барысында театр әртістері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындады. Көрермен Камал Әлпейісованың шығармашылығына арналған әсерлі қойылымдар мен музыкалық композицияларды тамашалады.

    «Камал апай – жырларымен де, әндерімен де, аудармаларымен де оқырман қауымға етене таныс авторлардың бірі. Бүгін ақынның мерейтойына орай ұйымдастырылған кеш өте жоғары деңгейде өтті. Біз жазушының жан әлеміне саяхат жасағандай әсер алдық», – деді кеш қонағы Дина Қалжанова.

    Шығармашылық кеш барысында ақынның әдеби мұрасы мен өнердегі еңбегі кеңінен насихатталып, көрерменге оның шығармашылық әлемі таныстырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары