ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    1 / 6
    Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2026 жылдың 9 қазан күні Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Бидәлді Ербол Серікбайұлының ұйымдастыруымен қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Кездесуге Түркістан қаласының білім бөлімінің өкілі Абеева Жания Адылбековна және білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалар мен жеке меншік балабақша, мектеп өкілдері қатысты.
    Кездесу барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы, жұмыс берушілердің заңнамада көзделген міндеттері және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
    Қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиға орын алған жағдайда сақтандыру төлемдерін алу тәртібі, сақтандыру шартының талаптары және жұмыс берушінің жауапкершілігі жөнінде түсіндірме берілді.
    Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау қажеттігі атап өтілді.
    Мұндай түсіндіру жұмыстары жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеруге және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары