ӨКІЛ «АТАМЕКЕН» БАЛАЛАР АУЫЛЫНА БАРДЫ

    1 / 5
    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысы білім басқармасының «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барды.
    Бару барысында Өкіл балалардың білім алуына, тұруына және тәрбиеленуіне жасалған жағдайлармен, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуымен, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық және санитариялық жағдайлармен танысты.
    Сонымен қатар, балалар ауылындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру, бос уақытын ұйымдастыру және жан-жақты дамуына жасалған жағдайлар мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Бару нәтижесімен балалардың жағдайларын жақсарту бағытында тиісті ұсынымдар құзыретті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі" жаңалықтары