2026 жылғы 8 қазанда Орал қаласында «Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы алаңында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша азаматтарды тақырыптық қабылдау өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, оның ішінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі қатысты.
Қабылдау барысында 50-ден астам тұрғын кедергісіз орта қалыптастыру, жұмыспен қамту, инватакси санын арттыру, техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету, санаторийлік-курорттық емдеу және оңалту қызметтеріне қатысты мәселелерді көтерді.
Департаменттің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б.Ж. Әбилов республикалық «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау шаралары мен оңалту қызметтерін көрсету тәртібін түсіндірді.
Атап айтқанда, «Ақжайық» оңалту орталығының қызметі, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жағдайында оңалту қызметінің енгізілуі, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу, техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету және санаторийлік-курорттық емдеу мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, облыста жұмыс істейтін 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметі туралы ақпарат берілді.
Департамент өз құзыреті шегінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Мұндай кездесулер азаматтардың өзекті мәселелерін анықтауға, әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.
#ӘлеуметтікҚорғау #ҚолжетімдіОрта #Орал #БҚО #Оңалту #МүгедектігіБарАдамдар #24KZ https://share.google/qDMlOioGJQL9DjyNQ









