Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи нысанның жалпы аумағы – 26 мың шаршы метр, бас мердігері – «Aspan Holding» ЖШС.
Тоғыз блоктан тұратын кешенде 50 метрлік жүзу бассейні, халықаралық жарыстар өткізуге арналған 2500 орындық зал, жаттығу залдары, сондай-ақ форумдар мен түрлі жиындарға арналған 150 орындық конференц-зал қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 93 пайызы аяқталған.
Бұдан кейін облыс әкімі жаңадан салынып жатқан медициналық нысандардағы жұмыс қарқынын тексерді.
Сол жағалаудағы 500 орындық көпсалалы медициналық мекеме іске қосылған соң амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық қызметтер ұсынады.
Құрамында жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен акушерлік-гинекологиялық қызмет, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері болады. Сонымен қатар 50 төсектік күндізгі стационар, дәріхана, орталық стерилизация бөлімі, медициналық қалдықтарды сақтау аймағы, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория және 200 орындық конференц-зал қарастырылған.
Қалада бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылысы да жүргізілуде. Жалпы аумағы 57 мың шаршы метр нысанды «Мелиоратор» серіктестігі салып жатыр.
Заманауи талаптарға сай жобаланған аурухана диагностикалау мен емдеудің озық технологияларымен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсетеді. Кешен құрамына емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия, қабылдау, әкімшілік, реанимация, химиотерапия және радиотерапия, сондай-ақ операциялық бөлімдер кіреді.
Тағы бір медициналық нысан - Президент саябағы аумағындағы 200 орындық жаңа перинаталдық орталық. Мұнда ана мен балаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Қабылдау, стационарлық, диагностикалық, операциялық, реанимациялық және әкімшілік бөлімдермен қатар, зертханасы болады.
Сондай-ақ Титов шағын ауданында №5 қалалық емхананың құрылысы жүргізілуде. Пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда 400 келушіні қабылдап, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсететін мекемеге айналады.
Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысы тексерілді
1 / 3
Ұқсас материалдар

AI-SANA көрмесінде жүрек ауруларын анықтауға арналған жоба таныстырылды
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіАшу
Жаңа өндіріс орындары, жолдар мен тұрғын үйлер: бір аптада Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды
"Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімі аппараты" ММАшу
Заңды тұлға-резиденттің камералдық бақылау жүргізу арқылы қызметін тоқтатуы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Қауіпсіздік профилактикадан басталады
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қарасай ауданында қандастар мәртебесіне байланысты арнайы жиын өтті
Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

«Таза Қазақстан»: Жалпыхалықтық сенбілік өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Азия ойындарының қола жүлдегеріне құрмет көрсетілді
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада «Анаға тағзым» III республикалық форумы өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу