Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы 2026 жылғы Дүниежүзілік азық-түлік форумы аясында (World Food Forum) Рим қаласында жұмыс сапары аясында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) басшылығымен және жауапты бөлімшелерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Онда «Қазақстан – ФАО» әріптестік бағдарламасын одан әрі дамыту және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
ФАО Бас директорының көмекшісі, Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі, сондай-ақ ұйымның Қазақстандағы өкілінің міндетін атқарушы Виорел Гуцуамен кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелерін саралап, одан әрі дамытудың басым бағыттарын талқылады.
Ермек Кенжеханұлы әріптестік бағдарламасы аясында жобалардың қолға алына бастағанын, олардың Қазақстанның аграрлық саласын дамытуға тың серпін беретінін жеткізді.
Сондай-ақ тараптар ФАО-ның Қазақстандағы байланыстар және әріптестік жөніндегі бюросының қызметіне қатысты келісімнің мерзімін ұзарту және кеңейту жағдайларына назар аударды. Қазақстан тарапы ФАО-мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.
Тағы бір маңызды бағыт өсімдіктерді қорғау саласына заманауи технологияларды енгізу. ФАО-ның Өсімдік шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау бөліміндегі NSPPH кластерінің жетекшісі Шоки Әл-Добаимен өткен кездесуде «Қазақстандағы шегіртке зиянкестеріне мониторинг жүргізу және олардың таралуын жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы болжау жүйесін жетілдіру» жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды.
Вице-министрдің айтуынша, жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану шегіртке зиянкестерінің таралуын дәлірек анықтап, алдын ала болжауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығына төнетін қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында тараптар жобаны іске асырудың келесі кезеңдерін алға тартып, жинақталған тәжірибені Орталық Азия елдерінде қолдану, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін организмдермен күресте пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.
Отандық селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту мәселелері ФАО-ның NSP бөлімінің директорының орынбасары Чикелу Мбамен кездесуде әңгіме өзегіне айналды. Тараптар селекция мен тұқым өндіру саласындағы ұлттық әлеуетті нығайтуға бағытталған «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» ұлттық бастамасының іске асырылу барысын қарастырды.
Әсіресе бастаманың нақты нәтижелеріне және оның отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тиімділігін арттыру жолдарына баса көңіл бөлінді.
Кездесулер соңында тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға, бірлескен жобаларды жүйелі түрде іске асыруға және аграрлық саясаттың басым бағыттары бойынша ынтымақтастық аясын кеңейтуге дайын екендерін жеткізді.
Қазақстанның ФАО-мен ынтымақтастығы аграрлық салаға халықаралық тәжірибе мен озық технологияларды енгізуге, инновациялық шешімдерді кеңінен қолдануға және отандық агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды тетік саналады.
Ермек Кенжеханұлы Римде Дүниежүзілік азық-түлік форумы аясында бірқатар кездесу өткізді
1 / 10
Ұқсас материалдар

ҚАСҚАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН БОЛАШАҚ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Төлеби ауданы әкімінің аппаратыАшуАудан әкімі білім және медицина саласының ардагерлерін 80 жас мерейтойларымен құттықтады
Қазалы ауданының әкімдігіАшу
Көкшетауда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіАшу
ҚОҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ДАМУ БАҒЫТЫ МЕН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР
Төлеби ауданы әкімінің аппаратыАшу
КЕМЕҚАЛҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Төлеби ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" жаңалықтары

Қазақстан Римде өткен «Тұқымнан тағамға дейін» жаһандық көрмесінде астық өндіру мен өңдеу әлеуетін таныстырды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
Қазақстандық 25-тен астам өндірушінің өнімі Түрікменстандағы көрмеге қойылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
Қазақстан аумағына қауіпті карантиндік объектілердің кіруіне және таралуына жол берілмеді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
Алматы облысында тауарлық балық және балық өсіруге арналған тор қоршама құрылымдары өндірісі іске қосылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу