Межведомстволық сараптамалық топтың (МСТ) жұмыс жоспары аясында Алтай ауданының білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау бойынша іс-шаралар жалғасуда.

    1 / 11

    Межведомстволық сараптамалық топтың (МСТ) жұмыс жоспары аясында Алтай ауданының білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау бойынша іс-шаралар жалғасуда.
    2026 жылғы 7–8 қазанда МСТ мүшелері Алтай қаласының №7 жалпы білім беретін мектептің, Алтай қаласының №11 жалпы білім беретін мектептің, Алтай қаласының мектеп-лицейдің, Соловьёво орта мектебінің, №2 Жаңа Бұқтырма орта мектебінің, Октябрьск орта мектебінің, Полянское орта мектебінің және Тұрғысын орта мектептерінің асханаларына барды.
    Мониторинг барысында асханалардың санитариялық жағдайына, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына баға беріліп, бракераж комиссиясының жұмысын және дайын тағамдардың сапасын бақылауды регламенттейтін құжаттар зерделенді.
    Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыруға бақылау жоспарлы тәртіппен жалғастырылатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары