Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Бейнеу ауданы полиция бөлімінің қызметкері, полиция лейтенанты Сакен Рзағалиев Сам орта мектебінің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында суық қаруды алып жүру мен қолданудың құқықтық салдары, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, жанжалдардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға кез келген жағдайда сабыр сақтап, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.
Бейнеу ауданының полиция бөлімі









