"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" КММ·Жаңалықтар мұрағаты
А.ж. 28 қыркүйекте кәсіпкерлік бөліміне Новоишим ауылының тұрғыны «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша жүгінді. Өтініш барысында азаматқа бағдарламаға қатысу шарттары, құжаттарды тапсыру тәртібі және қаржыландыру бағыттары бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Бұдан бөлек, бөлім басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім беру кезінде іс жүзінде сүйемелдеу көрсетті. Өтініш берушіге өтінімді рәсімдеу және алдағы іс-қимылдар тәртібі бойынша қажетті кеңестік және практикалық көмек көрсетілді.







