Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Алтай қаласындағы №6 және №7 орта мектептердің 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері, негізгі білім беру бағыттары және оқу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
Оқушылар оқу орнына түсу талаптары, қажетті құжаттар, мамандықтар, сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесінде қызмет етудің болашағы туралы мәлімет алды.
Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, құтқарушы мамандығының ерекшеліктері туралы айтып өтті. Бұл салада қызмет ету жоғары жауапкершілікті, тәртіпті, төзімділікті және адамдарға әрдайым көмек көрсетуге дайын болуды талап ететіні атап өтілді.
Осындай кездесулер мектеп түлектеріне болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және азаматтық қорғау саласында білім алу мүмкіндіктері туралы кеңірек ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Мамандық таңдау — болашақты таңдау!
Ұқсас материалдар
«КазТрансОйл» АҚ
Ашу
Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Алматыда Алатау даңғылының аумақтарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Көмекке бастайтын байланыс: Серік Дулаттың қызмет жолы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу
Астанада «Бірлік көпірі» мәдени-ағартушылық жобасы жалғасып жатыр
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
"Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары

АЛТАЙ АУДАНЫ — «ҮЗДІК АЙМАҚ» — GREEN TEAM НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
Алтай ауданының әкімдігіАшу
«Фаворит» ЖШС айналмалы кесілген қаптамамен қапталған отқа төзімді фанера шығаратын жаңа өндіріс орнын ашты.
Алтай ауданының әкімдігіАшу
08.10.2026 ж. жағдайға «Зырян ТЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Зубовск кентіндегі тұйығында көмірге қатысты жағдай тұрақты.
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Құрметті шығысқазақстандықтар мен қонақтар!
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Е.Тұраров Жаңа Бұқтырма кентінде болып, абаттандыру, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
Алтай ауданының әкімдігіАшу