Көкшетау қаласында ауыр атлетикадан Ақмола облысының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Сандықтау аудандық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) спортшылары қатысты.
Аудан намысын қорғаған жеті спортшы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Артём Кудрявцев (41 кг салмақ дәрежесі) — 3-орын;
Филипп Барсуков (45 кг салмақ дәрежесі) — 2-орын;
Әлішер Секенов (60 кг салмақ дәрежесі) — 3-орын;
Лаура Идрисова (40 кг салмақ дәрежесі) — 3-орын;
Тамара Идрисова (49 кг салмақ дәрежесі, 2012 жылы туған және одан кіші жас санаты) — 2-орын;
Анастасия Успеньева (49 кг салмақ дәрежесі, 2010–2011 жылы туғандар санаты) — 1-орын.
Сондай-ақ Дмитрий Копытин 33 кг салмақ дәрежесінде 5-орынға ие болып, III ересектер спорттық разрядының нормативін орындады.
Барлық спортшылар жеңіске деген жігерін, табандылығы мен қайсарлығын көрсетіп, өздерінің үздік нәтижелерін тіркеді.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушысын қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістерге жетіп, спорттық шеберліктерін шыңдай берулеріне тілектеспіз!







