БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІН АРДАҚТАДЫ

    1 / 7
    Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақтөбе қаласында өткен Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында жүлделі орындарға ие болған аудан ның жас спортшыларымен кездесті.
    16-22 қыркүйек аралығында өткен байрақты бәсекеде жасөспірімдер спорттың 10 түрінен бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте І орын иеленіп, жеңімпаз атанды.
    Облыс құрамасының жеңісіне Бәйдібек ауданының жас спортшылары да елеулі үлес қосты. Ауданнан барған 5 спортшы спорттың 4 түрінен бақ сынап, 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
    Атап айтқанда, еркін күрестен Нұрқожа Қалыбек пен қазақ күресінен Мерей Нәрібай алтын медаль иеленді. Волейболдан Елдана Бекбосынова күміс жүлдеге қол жеткізсе, қазақ күресінен Досхан Ағабек және дзюдодан Ұлжалғас Көшкінбай қола медальмен марапатталды.
    Кездесуде аудан әкімі жас спортшыларды жеңістерімен құттықтап, олардың жетістігі – тынымсыз еңбектің, тұрақты жаттығудың, табандылық пен тәртіптің нәтижесі екенін атап өтті.
    Бүгінде Бәйдібек ауданында 4 спорт мекемесі жұмыс істейді. Онда 2 590 бала спортпен тұрақты түрде шұғылданып, 39 спорттық үйірмеге қатысады. Жас спортшылардың дайындығына 150-ге жуық жаттықтырушы атсалысуда.
    Кездесу барысында аудан әкімі спортшыларға алдағы жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетіп, аудан абыройын асқақтата берулеріне тілектестік білдірді.
    Аудан басшылығы тарапынан спортты бұқаралық сипатта дамыту, балалар мен жасөспірімдерді спортқа кеңінен тарту және жаңа чемпиондарды тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
    Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары