Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Жоғарғы Соттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 8-тармағы бесінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.
Дауланып отырған ережеге сәйкес, жер учаскелері шекараларының қабаттасуына байланысты дауларды шешу кезінде тарихи қалыптасқан шекараларды негізге алу қажет.
Өтініш берушінің пікірінше, аталған ереже жеке меншік құқығының конституциялық кепілдіктеріне сәйкес келмейді. Сондай-ақ ол Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары қолданыстағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылатынын және соттардың қолдануы үшін міндетті екенін атап өтеді. Осыған байланысты мұндай қаулылар Конституцияға сәйкес келуге тиіс және онда кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды шектемеуі қажет деп есептейді.
Конституциялық Сот дауланып отырған ереженің мазмұнын, мақсаттарын және құқық қолдану тәжірибесіндегі маңызын ескере отырып, оның конституциялылығына баға береді.
Конституциялық іс жүргізудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми интернет-ресурсында және Telegram-арнасында жарияланады.
Конституциялық Сот жер учаскелерінің шекараларына қатысты өтінішті іс жүргізуге қабылдады
Ұқсас материалдар

Тәркіленген 1795 қорап темекі өнімі аудан әкімдігіне берілді
Жетісу облысының Әділет департаментіАшу
Алматы облысында «Қазселденқорғау» жаңа диспетчерлік пункті ашылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу
Ырғызда әлеуметтік осал топтарға арналған 90 тұрғын үй салынуда
Ырғыз ауданы әкімдігіАшу
«Ауыл» партиясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті
Жетісу облысының Әділет департаментіАшу
Омбудсмен Варшавада соттардың институционалдық тәуелсіздігін нығайту бағытындағы Қазақстанның тәжірибесін таныстырды
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАшу
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты" жаңалықтары

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты: БАҚ-қа қойылатын талаптар бойынша бір жылдық талап қою мерзімі сот арқылы қорғалу құқығын шектемейді
Қазақстан Республикасының Конституциялық СотыАшу
Жоғарғы Сот азаматтық істерді қайта қарау тәртібін Конституциялық Соттың ұстанымына сәйкестендірді
Қазақстан Республикасының Конституциялық СотыАшу
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты: сот актілерімен келіспеу конституциялық бақылауға негіз болып табылмайды
Қазақстан Республикасының Конституциялық СотыАшу
Самарқандта түркі әлемі мен Еуразияның конституциялық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының Конституциялық СотыАшу
Қазақстан мен Испанияның Конституциялық соттары ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Конституциялық СотыАшу