Қарақия ауданында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Аталған сайыстың басты мақсаты-мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау қабілетін шыңдау, дәлелді пікір білдіру дағдыларын дамыту, көпшілік алдында еркін сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, командалық жұмысты үйлестіру және қызмет барысындағы жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік құндылықтарын тереңдету.
Тартысты өткен пікірсайыс барысында қатысушылар өзара ой бөлісіп, түрлі өзекті мәселелер бойынша өз көзқарастарын дәлелдеп, жан-жақты біліктіліктерін көрсетті. Нәтижесінде тартысты бәсекенің жеңімпаздары анықталып, білім бөлімінің «Edu-mind» командасы көш бастап, бірінші орынды жеңіп алды. Ал жүлделі екінші орынды экономика және қаржы бөлімінен құралған «ҮШ-Х» командасы еншілесе, үшінші орын Құрық ауылы әкімдігінің «Лашын» командасына бұйырды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі








