Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, жетпіс төртінші сессиясын шақыру туралы

    Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс,жетпіс төртінші сессиясын шақыру туралы

    2026 жылғы 14 қазанда сағат 10:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, жетпіс төртінші сессиясы өтеді.

    Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

    1. Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылы 26 желтоқсандағы №59-2 «2026-2028 жылдарға арналған Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    2. «Округтік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №37-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
    3. «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    4. Әр түрлі мәселелер.

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 14 қазанда сағат 10:00-де өтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жуалы ауданы мәслихатының аппараты" жаңалықтары