Жуалы аудандық мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына комиссия мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЫ

    Жуалы аудандық мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына комиссия мүшелерін сайлау туралы

    ХАБАРЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жуалы аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына комиссия мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары
    2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 12 қазан аралығында аудандық мәслихат аппаратына келесі құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

    2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Аудандық мәслихат аппаратына қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 12 қазан аралығында дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-ден сағат 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

    Жуалы аудандық мәслихаты

    Жуалы аудандық мәслихаттың төрағасы – Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 12 үй.

    Жауапты адам – Сәдуақас Дәулет Талғатұлы, каб. №17, қалааралық телефон коды (872635), қызметтік телефоны 2-03-60, ұялы телефоны +7(702) 527 6451, электрондық пошта [email protected].

    Жуалы аудандық мәслихаты 4 округтік және 11учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына комиссиямүшелерін сайлайды:

    №р/с

    Сайлау округініңнөмірі

    Сайлау комиссиясыныңорналасқан жері

    Бос орындар саны

    1

    №8

    Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп гимназиясы,

    Б.Момышұлы ауылы, Абылайхан көшесі, 1

    1

    2

    №9

    №19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназиясы

    Б.Момышұлы ауылы Б.Момышұлы көшесі, 1

    1

    3

    №11

    №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі,

    Теріс ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 5

    1

    4

    №13

    Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты,

    Ақтөбе ауылы Руханият көшесі, 27

    1

    №р/с

    Сайлау учаскесініңнөмірі

    Сайлау комиссиясыныңорналасқан жері

    Бос орындар саны

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    1

    №206

    №24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

    Шыңбұлақ ауылы Мырзатай көшесі, 20 а

    1

    Жуалы аудандық мәслихаты

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жуалы ауданы мәслихатының аппараты" жаңалықтары