Сарыкөл мәдениет үйінде кәсіби мереке — Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Іс- шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, ауданның педагогтары мен жұртшылығы қатысты.

    Аудан әкімі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, білім беру әлеуетін қалыптастыруда және қоғамды дамытуда педагогтардың маңызды рөлін атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. Марат Лесбекұлы өз сөзінде мұғалімдерге жоғары кәсібилігі, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы және таңдаған Мамандығына адалдығы үшін алғысын білдірді .

    Салтанатты іс- шара аясында ауданның педагогикалық қоғамдастығының үздік өкілдері адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

    Іс-шараға қатысушылар үшін шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама дайындалды .

    Іс- шара салтанатты және жылы атмосферада өтті, бұл мұғалімдерге маңызды және асыл еңбектері үшін құрмет пен ризашылықтың лайықты көрінісі болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыкөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары