ТҮРКІСТАНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

    ТҮРКІСТАНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
    Түркістан қаласында «Этносаралық қатынастар саласында құқықтық сауаттылықты арттыру» тақырыбында семинар өтті. Аталған іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.
    «Достық үйінде» өткен семинарды Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева ашып, жиынды жүргізді. Жиында ол өз сөзінде Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығына тоқталып, этносаралық татулықты сақтау әр азаматтың заңды құрметтеуінен және өзге адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне жауапкершілікпен қарауынан басталатынын атап өтті.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық қатынастар саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі түсінігін кеңейту, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық келісімді нығайту.
    Семинар барысында жоғары оқу орындарының ғалымдары мен заң саласының мамандары этносаралық қатынастардағы құқықтық нормалар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтардың алдын алу, этносаралық араздық пен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері бойынша өзекті ақпараттармен бөлісті.
    Жиын соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары