ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Өзбекстан Республикасы Президентінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры Мансурбек Оллоёровпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі бауырлас елдің әлеуметтік саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, әлеуметтік қызметтерді цифрландыру, мүгедектікті ертерек анықтау және ерте араласу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің бейінді құрылымдық бөлімшелері арасында тікелей өзара іс-қимылды күшейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл жұмыс тәжірибемен, тиімді практикалармен және әдістемелік тәсілдермен тұрақты түрде алмасуға, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді бірлесіп пысықтауға мүмкіндік береді. Мансурбек Оллоёров Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, Өзбекстан тарапының Қазақстан тәжірибесін одан әрі зерделеуге және практикалық өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

    Өз кезегінде Асқарбек Ертаев Өзбекстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат пен осы бағыттағы реформалардың нәтижелеріне жоғары баға берді. Қазақстан тарапы үшін Өзбекстанның мүгедектікті ерте анықтау және ерте араласу, сондай-ақ қажетті қолдауды уақтылы көрсету жөніндегі тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды.

    Тараптар тәсілдердің ұқсастығы, ортақ мәдени құндылықтар мен әлеуметтік міндеттердің жақындығы екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге берік негіз қалыптастыратынын атап өтті. Тәжірибе алмасу және бірлескен жұмыс, ең алдымен, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары