
АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес аудан тұрғындарына кезекті қабылдауын өткізіп, жеке мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, тиісті округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Тұрғын үй алу, көше қиылыстарына қажетті жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, көшелерді жарықтандыру және күрделі жөндеуден өткізу, елді мекендерде күзгі және көктемгі жауын-шашын мен қысқы қар еру салдарынан орын алуы ықтимал су басу қауіпінің алдын алу бойынша өтініштерін айтқан тұрғындарға заң аясында кеңестер берілді.
Азаматтар көтерген өтініш-шағымдар бойынша тиісті жұмыс істелетіндігін жеткізген аудан басшысы жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі








