2026 жылғы вегетация кезеңі қорытындысы бойынша Абай облысында 16 мың гектардан астам жер суарылды

    2026 жылғы вегетация кезеңі қорытындысы бойынша Абай облысында 16 мың гектардан астам жер суарылды

    Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазсушар» РМК-ның Абай облысы бойынша филиалының директоры Жарқынбек Байсабыров пен Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы өңірдегі 2026 жылғы вегетация кезеңінің қорытындысын шығарды. 2026 жылы филиал су тұтынушылармен су беру бойынша 403 келісімшарт жасасты. 16 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы суарылып, 59 млн текше метрден астам су пайдаланылды.

    «Сонымен қатар облыста жалпы ұзындығы 374,5 шақырым магистральдық каналдарды реконструкциялауды көздейтін инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстар өңірдегі суармалы жердің көлемін 55 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Жарма және Үржар аудандарында, сондай-ақ Мақаншы ауданында ирригация желілерін реконструкциялау бойынша бес жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды», - деді «Қазсушар» РМК-ның Абай облысы бойынша филиалының директоры Жарқынбек Байсабыров.

    Бас прокуратурамен бірлесіп әзірленген «судың қара нарығымен» күрес жөніндегі Жол картасы аясында Ертіс бассейндік инспекциясы су пайдалану лимиттерінің сақталуын күнделікті тексеріп, су ресурстарын келісімшартсыз немесе рұқсатсыз пайдалану фактілерін анықтауда. 2026 жылдың басынан бері инспекция Абай облысында 5 заң бұзушылық фактісін анықтады. Оның ішінде 4 әкімшілік айыппұл салынды, ал бір материал сотқа жолданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі" жаңалықтары