Өскеменде «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзиялық спорт фестивалі

    Өскеменде «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзиялық спорт фестивалі

    2026 жылғы 8 қазанда Өскемен қаласында «Тең мүмкіндіктер» кезекті балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті. Іс-шара «Әділет» партиясының Әйелдер қанатының бастамасымен білім беру, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ мәдениет басқармаларымен бірлесіп ұйымдастырылды.

    Фестиваль инклюзияның, достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналып, әлеуметтік белсенділіктің, өзара түсіністік пен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастарының бірлескен қарым-қатынасының маңыздылығын көрсетті.

    Фестивальдің негізгі мақсаты - балалар арасында достық, өзара түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастыру. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастары бірге араласып, спортпен шұғылданып, өз қабілеттерін танытып, жаңа достар таба алады.

    Биыл фестивальге облыстың қалалары мен аудандарынан 3-4 және 7-8 сынып оқушыларының 17 командасы қатысты. Жас спортшылар үш спорт алаңында - «Бочча», «Көңілді старттар» және «Жеңіл атлетика» бағыттары бойынша өздерінің күшін, ептілігін, жылдамдығын және командалық рухын көрсетті.

    Фестиваль аясында бочча жарыстары ерекше қызығушылық тудырды. Бочча - Қазақстанда енді ғана қарқынды дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Соған қарамастан, ол балалар арасында үлкен танымалдыққа ие болып келеді. Бұл спорт түрі қатысушыларға дәлдік, зейін қою және командамен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.

    Өскемен қаласының командалары арасында бочча бойынша:

    Өскемен қаласының командалары арасында өткен бокча жарысында бірінші орынды «Искра» командасы, екінші орынды «Луч» командасы, ал үшінші орынды «Атлетико» командасы иеленді.

    Кіші санат қатысушылары арасындағы эстафета қорытындысы бойынша:

    I орын - Ұлан ауданының «Ракета» командасы

    II орын- Марқакөл ауданының «Ақ сұңқарлар» командасы

    III орын - Шемонаиха ауданының «Шемонаиха 2» командасы

    Жеңіл атлетикадан үлкендердің арасында:

    I орын - Глубокое ауданының «Глубоковское» командасы

    II орын - Күршім ауданының «Мұрагер» командасы

    III орын- Күршім ауданының «Бірлік» командасы

    Фестиваль соңында жеңімпаздар спорттық жетістіктері үшін дипломдармен, кубоктармен және арнайы медальдармен, сондай-ақ ақшалай сертификаттармен салтанатты түрде марапатталды, ал қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары