Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің «Тайынша ауданында дене шынықтыру және сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікпен алуға құқылы азаматтар санаттарының тізбесін (мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) және осындай жеңілдіктердің мөлшерлемелерін бекіту туралы» қаулысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 25-тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес әзірленді.
Әкім қаулысының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Әкім қаулысының жобасын қабылдау жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.


