
Сарыағаш ауданында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Нұрғали Асқанбековтің төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуал мәселелеріне арналған мәжіліс өтті.
Мәжілісте аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелер, қоғамдық пікір және азаматтармен кері байланысты нығайту бағыттары талқыланды.
Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, құқық қорғау органдарының басшылары, салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары және жауапты қызметкерлер қатысты.
Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер айқындалды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі







