Ақтауда 227 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

    Ақтауда 227 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

    Ақтау қаласының 33-шағын ауданында орналасқан №5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталу кезеңіне жетті. Нысанның қазіргі жағдайын Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш барып көріп, құрылыс барысымен танысты.

    Нысанның құрылысы бұған дейін мердігер ұйымға қатысты сот процестеріне байланысты ұзақ уақытқа созылған. 2025 жылдың басынан бастап мердігер ұйым құрылыс жұмыстарын өз қаражаты есебінен қайта жандандырды. Қала әкімі тұрғын үй құрылысын жедел аяқтауды тапсырды.

    – Бұл нысанның құрылысы ұзақ уақытқа созылып кеткен. Енді жұмыстарды барынша жеделдетіп, тұрғын үйді белгіленген мерзімде аяқтау қажет. Жауапты мекемелер құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстап, туындаған мәселелерді уақытылы шешуі тиіс, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.

    Қазіргі таңда тұрғын үйдің негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталып, әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

    Тұрғын үйдегі пәтерлердің жалпы ауданы 17 773 шаршы метрді құрайды. Нысанда барлығы 227 пәтер қарастырылған.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары