
«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қармақшы ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы 3-Интернационал елді мекенінде профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында сауда орындарына және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға QR-кодтары бар ақпараттық материалдар орналастырылды. QR-код арқылы тұрғындар өз ұсыныстары мен өтініштерін жолдап, аумақтағы қауіпсіздік мәселелері туралы хабарлай алады.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындармен кері байланысты нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және елді мекендегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамай, құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда дер кезінде полицияға хабарлауға шақырады.








